Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Май ауданы Көктөбе ауылында орналасқан Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығына барды.
Қуаттылығы 40 төсек-орындық оңалту орталығы 2016 жылы ашылған және аудандық аурухана ғимаратында орналасқан. Өкіл қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына және олардың бұзылуының алдын алуға мониторинг жүргізді.
Бару кезінде орталықта 25 пациент болды, өкіл қызмет алушылармен әңгімелесті.
Келу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау басқармасына осы мекеменің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жіберілді.