2025 жылғы 14 тамызда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Май ауданының полиция бөліміне барды.
Өкіл уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың орындарын және оларды ұстау шарттарын, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің қызметін жүзеге асыру шарттарын тексерді.
Полиция бөлімінде барлығы 54 қызметкер қызмет атқарады, бару кезінде 11 бос орын лауазым болды. Аудандық полиция бөлімінің ғимараты 74 бейнебақылау камерасымен жабдықталған, Жедел басқару орталығы бар. Сапар кезінде УҰИ ұсталатын адамдар болған жоқ.
Полиция бөлімінің басшылығымен одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тексеру нәтижелері бойынша жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберілетін болады.