Ведомствоаралық штабтың отырысы

Ведомствоаралық штабтың отырысы

30.07.2025 жылы Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Васильевич Тарасенко облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Батыргужиновтың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысына қатысты.

Күн тәртібінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру, жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды, нашақорлыққа қарсы күрестің халықаралық күнін өткізу қорытындылары шығарылды.