Павлодар қаласының дағдарыс орталығының жағдайына мониторинг

Павлодар қаласының дағдарыс орталығының жағдайына мониторинг

25.07.2025 жылы Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Дағдарыс орталығы" КММ-де болды.

Орталық зорлық-зомбылыққа, психологиялық мәселелерге немесе тұрғын үйдің болмауына байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған.

Келу кезінде орталықта 33 қызмет алушы болды, оның ішінде 11 бала.

Ғимарат бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

 Қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына және олардың бұзылуының алдын алуға мониторинг жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша осы мекеменің жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар жіберілетін болады.