"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер қызметінің өзекті мәселелері"

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер қызметінің өзекті мәселелері"

2025 жылғы 23 мамырда адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі Сараптамалық кеңес мүшелерімен бірлесіп "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер қызметінің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара спикерлері ретінде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Б. Рахимова, облыс прокурорының көмекшісі И. А. Жусупова, Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар тобының жетекшісі С. Н. Молчанов сөз сөйледі.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. Азаматтардың бұл санатына жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар, мүгедектігі бар адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметтерінде есепте тұрған адамдар, адам саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары жатады. Бүгінгі таңда облыс аумағында стационар, жартылай стационар, үйде уақытша болу және күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 42 ұйым жұмыс істейді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады, олардың ішінде қызметті лицензиялау, заңнама талаптарына және қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына сәйкестігі, оның ішінде ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу.