2025 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған тренингке қатысты. Іс-шараның тақырыбы – азаптаулардың, қатігез, адамгершілікке жат немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың алдын алу және кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету мәселелері болды.
Тренингке қоғам белсенділері, құқық қорғау ұйымдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында Ұлттық алдын алу тетігі өңірлік тобының жетекшісі А. Муха, «Қадыр-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры А. Ибраева және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары А. Күлмұхамбетов болды.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, бостандықтан айыру орындарында адам құқықтарын тиімді қорғау үшін ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.