Өкіл Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өткізді

Өкіл Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өткізді

2025 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Күжиев Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында А. Күжиев «Адам құқықтарын ілгерілету мен құқықбұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Ол қазіргі цифрлық платформалардың жауапкершілікпен қолданылған жағдайда құқық қорғау қызметінің тиімді құралы бола алатынын атап өтті.

Сондай-ақ студенттерге Омбудсмен институтының қызметі, оның функциялары мен азаматтармен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Конституцияда және халықаралық стандарттарда бекітілген адамның негізгі құқықтарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және олардың адам құқықтарын қорғауға белсенді қатысуына ықпал етеді.