
2025 жылғы 24 сәуірде Маңғыстау облысындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі Р. Абдқадыровпен бірге Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 мекемесіне барды.
Мекеме әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл сапардың мақсаты – сотталғандар мен мекеме қызметкерлеріне адамның және сотталғандардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Кездесу барысында бостандығынан айырылған орындарда адам құқықтарының сақталуы, сотталғандардың құқықтары, сондай-ақ ізгілікпен қарау және ар-намысты қорлайтын немесе қатігез әрекеттерге жол бермеу мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және қылмыстық-атқару жүйесінде құқықтық қорғау тетіктерін нығайтуға ықпал етеді.