Өкіл еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді

Өкіл еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді

Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Кужиев "Отын-энергетикалық кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі төрағасы Қ. Қосшығұловпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында өңір жұмысшыларының толғандыратын өзекті мәселелер: еңбек құқықтарының сақталуы, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және басқа да маңызды тақырыптар талқыланды. Омбудсмен институты мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісімдерге қол жеткізіліп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.