
2025 жылғы 1 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» КММ-не жұмыс сапарымен барды.
Шара барысында мекеменің, соның ішінде әкімшілік ғимаратының жай-күйі тексерілді. Өкіл ғимараттың су өткен бөліктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Мекеме тұрғындары мен қызметкерлері үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Адам құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі – осындай мекемелердегі жағдайды жақсарту болып табылады.