Омбудсменның Маңғыстау облысы бойынша өкілі «Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барды

Омбудсменның Маңғыстау облысы бойынша өкілі «Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барды

2025 жылғы 1 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А.Кужиев «Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барды.

Сапар барысында қызмет алушылардың тұру және қызмет көрсету жағдайларымен танысты. Әкімшілік ғимараттың жағдайына ерекше назар аударылып, оның жөндеуді және жаңартуды қажет ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері мен қамқорлық алушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі де айтылды.

Сапар қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жолданатын болады.