
2025 жылғы 28 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Асылан Кужиев Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара аясында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында құқық қорғау қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, адам құқықтары саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттардың негізгі ережелері, оларды іс жүзінде қолдану, сондай-ақ құқық тәртібін қамтамасыз етудегі полицияның рөлі талқыланды.
Мұндай кездесулер құқықтық мәдениет пен құқықтық сана-сезімді нығайтуға, сондай-ақ қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.