
19 наурыз күні Омбудсменнің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Қужиев А. «Гендерлік тепе-теңдік жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында өткен семинарға қатысты.
Іс-шараның қатысушылары ретінде Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері табылды.
Семинар барысында қоғамда гендерлік теңдікті ілгерілетуге байланысты негізгі мәселелер талқыланды. Қатысушылар саясат, экономика және әлеуметтік салаларда ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тетіктерін қарастырды.
Сонымен қатар, кемсітушіліктің алдын алу, әйел-көшбасшыларды қолдау және әр азаматтың жынысына қарамастан көшбасшылық әлеуетін ашуға ықпал ететін инклюзивті орта құру мәселелері талқыланды.
Өкіл Омбудсмен институтының және оның өкілдерінің қызметі, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылық саласындағы проблемалық мәселелер мен оған қарсы іс-қимыл бойынша Адам құқықтары жөніндегі орталықпен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы сөз қозғады.
Осындай іс-шаралар теңдік пен әділеттілік құндылықтарын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.