Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта Омбудсмен институтының әлеуетін бағалау мәселелері бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қатысуымен қорытынды онлайн кеңес өтті

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта Омбудсмен институтының әлеуетін бағалау мәселелері бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қатысуымен қорытынды онлайн кеңес өтті

         2023 жылғы 5 мамырда адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың әлеуетін бағалау мәселелері бойынша қорытынды ZOOM - кеңес өтті.

         Кеңесті БҰҰДБ, Омбудсмен Кеңсесі және БҰҰ БЖКБ бірлесіп ұйымдастырды. Спикерлер ретінде бағалау мақсаттарын, рәсімдері мен процесін түсіндіру үшін ұлттық құқық қорғау мекемелерінің әлеуетін бағалау жөніндегі халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Омбудсменнің өңірлік өкілдері мен адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысты.

          Кеңес барысында адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев халықаралық сарапшыларға ықылас білдіріп, Швейцарияға жұмыс сапарының қорытындылары және БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің 76-сессиясы шеңберінде «Қазақстандағы азаптау және қатыгездіктің басқа да нысандарын шешудегі ҰАТ-ның маңызды рөлі» тақырыбында ұйымдастырылған сайд-ивент туралы айтып берді.

          Өз кезегінде, өңірлік өкілдер бағалау жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, сарапшылар адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ғана емес, оның өңірлік өкілдіктерінің де әлеуетін нығайту және дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беретін болады.

          Іс-шара соңында тараптар халықаралық сарапшылар тобының алдағы сапарының жоспарын, оның ішінде адам құқықтары жөніндегі уәкіл және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу үшін өңірлерге сапарын талқылады.