Өкіл Yessenov university қабырғасында ұйымдастырылған TEDx диалог алаңына қатысты

Өкіл Yessenov university қабырғасында ұйымдастырылған TEDx диалог алаңына қатысты

2025 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті қабырғасында ұйымдастырылған TEDx диалог алаңына қатысты.

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтіп, мемлекеттік қызметті дамыту, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және құқық қорғау институттарының тиімділігін арттыру мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік берді.

Диалог алаңының жұмысына сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т. Жумагұлов, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары С. Самет, Маңғыстау облысының ПД өкілдері, университет басшылығы мен студенттер қатысты.

Қатысушылар өз көзқарастарымен және ұсыныстарымен бөлісіп, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының заманауи тәсілдерін, құқықтық тәртіпті нығайту мен әділ институттарды дамытудағы жастардың рөлін талқылады.

Осындай ашық форматтар құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналып, жастардың қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға тартуға мүмкіндік береді.