
2025 жылғы 29 қазанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №43 мекемеге барды.
Сапар барысында ол сотталғандармен кездесу өткізіп, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі құқықтарды қорғаудағы рөлі туралы дәріс оқыды, сондай-ақ уәкілге өтініш жолдау тәртібі мен тетіктері туралы түсіндірме берді.
Мұндай шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықтарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.