Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Динара Таженова «Стратегиялар. Серіктестік. Көшбасшылық» атты әйелдердің саяси көшбасшылығы мен гендерлік теңдік жөніндегі І Ұлттық Конгресіне қатысты.
Конгресс мақсаты – әйелдердің саясатқа қатысуын кеңейтуге бағытталған стратегияларды әзірлеу, тұрақты серіктестіктерді қалыптастыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры, «Жігер» әйелдер ынтымақтастығы лигасы ұйымдастырды.
Екі күндік конгресс гибридті форматта өтіп жатыр. Оған Парламент пен мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, бизнес, ғылыми орта мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Конгресс барысында қатысушылар «Ұлттық саясаттағы әйелдер», «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы әйелдер», «Әйелдер және цифрлық көшбасшылық» тақырыптары бойынша өзекті мәселелерді талқылауда.