Өкіл Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

Өкіл Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

2025 жылғы 14 тамызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Отырыстағы негізгі тақырып – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселесі болды. Жиын барысында өскелең ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы, аурулардың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға байланысты мәселелер қаралды.

А. Кужиев жастар денсаулығына қамқорлық – қоғамның болашақтағы әл-ауқатының негізі екенін атап өтіп, қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдардың, білім беру мекемелерінің және үкіметтік емес сектордың күш-жігерін біріктіру қажеттігін жеткізді.