2025 жылғы 25 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Күжиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Омбудсмен қызметінің негізгі бағыттары, адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, сондай-ақ адам құқықтарын құрметтеу мен сақтау мәселелері түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметте кемсітушілікке жол бермеу қағидаттары мен құқықтық мәдениеттің маңызы, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда Уәкіл институтымен өзара әрекеттесу тетіктері талқыланды.