2025 жылғы 16 шілде күні Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Кужиев №43 мекемесіне барып, Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай кездесу өткізді. Бұл күн жыл сайын 18 шілдеде атап өтіледі.
Кездесу барысында А. Құжиев Омбудсменнің миссиясы және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі туралы түсіндірме берді. Әсіресе, қамауда отырған азаматтардың құқықтарын сақтау, кемсітушілікке жол бермеу және адамға ізгілікпен қарау мәселелеріне баса назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және Нельсон Мандела қорғаған әділет, теңдік және адами қадір-қасиет қағидаттарын нығайту.