2025 жылғы 16 маусымда Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі А. Кужиев Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі және Сараптамалық кеңестің мүшесі А. Мухамен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне арналған дәріс өткізді.
Кездесу «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу» тақырыбы бойынша өткізілді. Шара барысында кемсітушіліктің негізгі түрлері, оның құқықтық салдары және тең әрі қауіпсіз еңбек ортасын құру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Мұндай іс-шаралар адам құқықтарына құрмет мәдениетін қалыптастыруға және жұмыс орындарында кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.