Өкіл Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесіп әскери қызметшілерге дәріс жүргізді

Өкіл Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесіп әскери қызметшілерге дәріс жүргізді

2025 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізіп, дәріс оқыды.

Кездесу барысында азаптауларға, қатыгез әрі қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастарға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Әскери қызметшілерге адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері, сондай-ақ осы саладағы олардың міндеттері жөнінде түсініктемелер берілді.

Мұндай іс-шаралар адам құқықтарына құрмет мәдениетін қалыптастыруға және әскери қызметтің құқықтық негіздерін нығайтуға ықпал етеді.