Өкіл мемлекеттік органдарда әйелдердің құқықтарын сақтау және қорғау бойынша семинарға қатысты

Өкіл мемлекеттік органдарда әйелдердің құқықтарын сақтау және қорғау бойынша семинарға қатысты

2025 жылғы 28 мамырда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысындағы өкілі А. Күжиев «Мемлекеттік органда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Іс-шара барысында А. Күжиев Омбудсмен институтының қызметі туралы айтып, мемлекеттік органдарда гендерлік теңдікті сақтау маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарында кемсітудің алдын алу және өзара құрмет пен тең мүмкіндіктер мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Әйелдердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету - Омбудсмен институтының басым бағыттарының бірі.

Гендерлік теңдік - әділетті әрі орнықты қоғамның негізі.