Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев «балалар мен жастардың құқықтары» туралы бірыңғай сабақ өткізді.
Өткізілген іс-шараға Қызылорда облысының бірқатар жалпы білім беру мектептері Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты. Атап айтқанда, Қызылорда қаласында 15 мектеп – 945 оқушы, Қазалы ауданында 37 мектеп – 950 оқушы, Қармақшы ауданында 17 мектеп – 510 оқушы, Жалағаш ауданында 20 мектеп – 3182 оқушы, Сырдария ауданында 4 мектеп – 160 оқушы, Шиелі ауданында 6 мектеп – 45 оқушы, Жаңақорған ауданында 25 мектеп – 400 оқушыларға «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің» Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Сонымен қатар, сабақ барысында Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.
Өкіл «Құқықбұзушылық дегеніміз не және оның салдары қандай болатынын?» «Буллинг пен кибербуллингтің зияны және одан қалай қорғануға болатынын?», «Әр баланың қандай құқықтары бар екенін және оларды білу мен құрметтеудің маңыздылығын түсіндірді» және азаматтардың негізгі құқықтары туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардан сақтану, алдын алу, қылмыстық фактілерін мысалға келтіре отырып, тәрбиеленушілерге тәртіпті болу, жақсы білім алу қажеттігін түсіндірді.
Қоғамды құқықтық тәрбиелеуге арналған мұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн.