ӨКІЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ №68 МЕКЕМЕСІНЕ БАРЫП ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ӨКІЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ №68 МЕКЕМЕСІНЕ БАРЫП ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Шаймерден Ескелдиев және Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеновпен бірге қылмыстық-атқару жүйесінің №68 мекемесінде тергеу изоляторына барып, жеке қабылдау ұйымдастырды.

Жеке қабылдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде жатқан қылмыстық істерге қатысты сұрақтар қойылып, оларға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті түсініктемелер берілді. Өз кезегінде Өкіл азаматтардың кез келген мәселеге байланысты сұрақ қоюға құқылы екенін және олардың құқықтарының міндетті түрде қорғалатынын атап өтті. Сонымен қатар, жазбаша түрде берген арыздар қабылданды.

Өкілдің аталған мекемеге барудағы мақсаты – азаматтардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын қадағалап, құқықтарын қорғау және азаптау мен қатыгездікке жол бермеу болып табылады.