ӨКІЛ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ӨКІЛ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев азаматтарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында Өкіл азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, олардың өзекті мәселелері мен өтініштерін тыңдады. Зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты сұрақтар талқыланып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселе бойынша азаматтардан жазбаша арызы қабылданды.

Еске сала кетейік, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы жұмыс күндерінде сағат 10:00-17:00 дейін Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 52 мекенжайы бойынша жүргізіледі.