Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берикбол Байхожаев Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде «Балалар құқықтарын қорғау» тақырыбында бірыңғай
Өкіл оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Өткізілген іс-шараға Қызылорда облысының бірқатар жалпы білім беру мектептері Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты. Сабақ барысында оқушыларға адам құқықтары туралы негізгі мәліметтер ұсынылып, олар өз құқықтарын қалай қорғауға болатыны жөнінде сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Бұл сабақтың басты мақсаты – оқушыларға адам құқықтарының маңыздылығын түсіндіру және олардың қорғау механизмдерін үйрету.
Қоғамды құқықтық тәрбиелеуге арналған мұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн.