ӨКІЛ №2 ҚЫЗЫЛОРДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

ӨКІЛ №2 ҚЫЗЫЛОРДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

«Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні» қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларымен бірге “№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

Бару барысында қызмет алушылардың тұру және қызмет көрсету жағдайларымен танысты. Орталық ғимаратының жағдайына ерекше назар аударылып, оның жөндеуді және жаңартуды қажет ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі де айтылды.

Өкіл орталықтың жұмыс тәртібімен танысып, қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайларын, тамақтану сапасын, төсек-орын жабдықтарының жағдайын зерделеді.

Қазіргі таңда өңірімізде мұндай қызметтерге мұқтаж жандардың саны артуда. Осыған орай кезектілікті азайту мақсатында орталықтағы төсек-орын саны 460-тан 480-ге дейін ұлғайтылды. Жыл басынан бері мұнда 480 адамға қызмет көрсетілген.

Орталықтың жұмысымен танысу барысында жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар екені анықталды.

Медициналық және құқықтық көмекке қолжетімділік, оқшаулаудың сақталуы және қорғану құқығының қамтамасыз етілуі қаралды.