Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылдық округінің Жаңажол ауылында тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Өкіл тұрғындарға адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің міндеттері туралы да айтып берді. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңның ережелері бойынша түсіндірмелер беріп, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Бұл шаралар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Сондай-ақ, Өкіл кездесуден соң тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сауалдарына тиісті жауаптар беріліп, консультациялық көмектер көрсетті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған Өкіл Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер берді.
Сонымен қатар, Өкіл ауылдағы жаңа құрылыс нысаны заманауи спорт кешенімен танысты. Бұл нысандар — тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған маңызды бастама.