Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және өңірлік Сараптамалық кеңестің мүшесі, «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлымен бірге Қармақшы ауданының “Отбасын қолдау орталығы”-на барды.
Отбасын қолдау орталығының мәжіліс залында мемлекеттік органдардың мен үкімет емес ұйымдарының өкілдерінің, аудан ардагерлерінің, полиция бөлімі және орталықтың қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Әс-шара барысында Өкіл Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықпен әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысымен таныстырды, сондай-ақ іс-шараға қатысушылармен бала құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту, азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, сондай-ақ өңірдегі құқық қорғау тетіктерін жетілдіру жолдары сияқты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Іс-шара соңында Өкіл аудандағы отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Орталық тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіледі. Сонымен бірге, Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының уақытша орналастыруға арналған 4 жатын орындар қарастырылған.