Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және өңірлік Сараптамалық кеңестің мүшесі, «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлымен бірге Қармақшы ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Өкіл тұрғындарға адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің атқарған жұмыстары туралы да айтып берді.
Сондай-ақ, Өкіл мен өңірлік Сараптамалық кеңестің мүшесі кездесуден соң тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сауалдарына тиісті жауаптар беріліп, консультациялық көмектер көрсетті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған Өкіл Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер берді. Аталмыш мәселелер бойынша сауал жолдап, өтініш иелеріне қосымша хабар берілетінін жеткізді.
Мұндай кездесулер құқықтық мәдениет пен құқықтық сана-сезімді нығайтуға, сондай-ақ қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.