
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қармақшы ауданына іс-сапары барысында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлымен және аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы ауданның көркейіп, дамуына, сондай-ақ саяси және экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Құқықтық мәдениетті арттыру, жастарды заң аясында тәрбиелеу, тұрғындардың құқықтарын қорғау да басты назарда екені айтылды.
Өкіл өз кезегінде бұл бастамаларды қолдайтынын білдіріп, ел игілігі жолындағы заңнамалық қолдау әрдайым жалғасатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Өкіл халықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында заңнамалық деңгейде тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде адам мен азаматтың құқықтарын қорғаудағы және азаматтардың өтініштерін қарау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.