ӨКІЛ "ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "№ 6 ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

ӨКІЛ "ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "№ 6 ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

2025 жылдың 10 сәуір күні Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілімен Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі бірлесіп, Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты" (бұдан әрі-Мектеп-интернат) коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

Мектеп-интернат келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: Есту қабілеті бұзылған оқушыларды түзете отырып дамытуға бағытталған оқыту процесі; Жалпы білім беру пәндерін оқыту жоспарына арнаулы түзету сабақтарын, технологияларын және қосымша бөлімдерді енгізу; Дамуындағы кемшілігін түзету мен оқытудың жаңа арнайы әдіс-тәсілдерін қолдану; Топтық және жеке түзету сабақтарын ұйымдастыру; Әр категориядағы баланың кемшілігіне қарай арнайы түзету техникалық құралдарды пайдалану: есту қабілеті бұзылған оқушыларға сурдотехникалық құралдарды пайдалану, топтық және жеке дыбыс күшейткіш аппараттарды пайдалану; Емдеу – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, профилактикалық,   дәрігерлік бақылаулар жүргізу, дәрігер мамандарының бақылауымен емдік-түзету жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы дәрігерлік  техника құралдарын пайдалану.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім берудегі негізгі міндеті - әрбір баланы айналасындағылардың көмегіне тәуелді болмай, өз бетінше өмір сүруге дайындау, яғни жеке адам ретінде қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.

Оқушылардың қалдық есту қабілетін мүмкіндігі жеткенше дамыту, осы негізде ауызша сөздік тілін қабылдауға сапалы,  жаңа естіп-көру тірегін құру- жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

2024-2025 оқу жылында 70 бала оқып, тәрбиеленуде. Оның 42 ұл бала, 28 қыз бала. 6 мезгіл тамақпен қамтылған. Аптасына бір рет моншаға, айына екі рет шаштаразға барады. Үйден қатынайтын балалар – 40 бала, интернатта жатып оқитыны – 30 бала.

Бару барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілімен Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі кабинеттерді қарап, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті.

Жалпы, мектеп-интернатқа бару кезде оның қызметі Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптарына сәйкес келеді.

Алайда, бару барысында кемшіліктер анықталды, олар бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Өкіл мектеп-интернат қызметкерлеріне адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді.