ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН БІРГЕ «АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН  БІРГЕ «АРНАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

2025 жылдың 4 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарымен бірге 7 бағыт бойынша стационарлық және жартылай стационарлық арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін балалар орталығында болып, жұмысымен танысты.

Мүгедектігі бар балаларға медициналық, әлеуметтік жағдай жасауда ғимараттың қызмет көрсетуге арналған әрбір бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда негізінен  ДЦП, РОПЦНС, эпилепсия, Дауна, гидроцефалия аурулары сондай-ақ,  ақыл-есінің ауытқушылығы бар науқас балалар әлеуметтендіру бағытында қызметтер алады. Бүгінгі күні орталықта 118 бала қызмет алуда.  

Демеушілердің көмегімен жабдықталған Монтессори, Сенсорлық, бейіндік дене шынықтыру және интерактивті, саз балшықпен жұмыс жасау, ойын аймағы, кинозал бөлмелері ашылған.

Аралау барысында Омбудсиен өкілі Б.Байхожаев арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін балалар орталығына мүгедектігі бар балаларды тасымалдауға арналған арнайы автобуспен қамтамасыз ету  қажеттілігі бар екендігін айтып, аталған мәселені облыстық мәслихаттың депутаттарының назарына жеткізді.