ӨКІЛ “ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАСЛИХАТ ДЕПУТТАРЫМЕН БІРГЕ БАРДЫ

ӨКІЛ “ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАСЛИХАТ ДЕПУТТАРЫМЕН БІРГЕ БАРДЫ

2025 жылдың 4 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б. Байхожаев Қызылорда облысының «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының оңалту орталығына» (бұдан әрі – Оңалту орталығы) Облыстық Маслихат депутаттарымен бірге  барды.

Оңалту орталығының директорының сүйемелдеуімен келушілерді орталықпен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті. Бару барысында Оңалту орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті.

Мүгедектігі бар адамдарды мүгедектерге арналған автобуспен қамтамасыз ету туралы мәселеге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ мониторинг аясында Б. Байхожаев ем алушылардың cанитарлық-гигиеналық жағдайлар, медициналық қызмет көрсету, тамақтану, сондай-ақ құқықтық көмек пен сыртқы әлеммен байланыс құқығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.