
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қзылорда облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев Қызылорда облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушылар тобының мүшелерімен бірге адам мен балалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде "Қызылорда облысы білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында бару ұйымдастырды.
Орталық директоры келушілерді орталықпен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті.
Бару барысында Орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты, мекеме 20 балаға арналған, орталықта қазіргі таңда 4-қыз бала, 4-ер бала қызмет алуда және орталық қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ мекемеде 16 видеокамера іске қосылған.
Өкіл орталық қызметкерлеріне адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді.
"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заң шеңберінде Өкіл бару барысында анықталған құқықбұзушылық бойынша уәкілетті органдарға бала құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жолдады.