Өкіл "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды

Өкіл "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды

2025 жылдың 26 наурыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев (бұдан әрі- Өкіл) өңірлік Ұлттық алдын алу тетігі (бұдан әрі - ҰАТ) мүшесімен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, балалар құқықтарының сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Орталық директоры келушілерді орталықпен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті.
Бару барысында Орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті.

Өкіл орталық қызметкерлеріне адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді.