Өкіл білім беру мекемесінде балалардың құқықтары мен жастардың құқықтары туралы бірыңғай сабақ өткізді

Өкіл білім беру мекемесінде балалардың құқықтары мен жастардың құқықтары туралы бірыңғай сабақ өткізді

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы (бұдан әрі- Өкіл) Жоспарға сәйкес білім беру мекемесінде балалардың құқықтары мен жастардың құқықтары туралы бірыңғай сабақ өткізді.
Өкіл студенттермен әңгімелесіп, сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтары, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілдің функционалдық міндеттері туралы ақпаратпен бөлісті. Қатысушыларға адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар түсіндірілді.