2024 жылғы 20 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Д.С. Шарипбаев Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қызылорда облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушылар тобының жетекшісі Ж.Б. Ұзақбаевамен жұмыс барысымен кездесуін өткізді.
Ағымдағы жылдың I тоқсандағы атқарылған жұмыстарды талқылап, жұмыс барысында кездескен өзекті мәселелерді шешу жолдарына тоқталып өтті.
Кездесу барысында тараптар баланың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға, баланың құқықтарын бұзуы мүмкін мекемеге, ұйымдарға және органдарға бірлескен сапарлар жүргізуге, қоғамның барлық мүшелерінің өзіне тән қадір-қасиетін, тең және ажырамас құқықтарын тану қағидатын сақтау үшін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы бойынша бірлескен семинарлар, тренингтер, дәрістер, ақпараттық сағаттар өткізуге келісті.