«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
2024 жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында “Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды” деп айтып өткен болатын.
 
Осы Ұлттық құрылтай тұжырымдамасына сәйкес «Адал азамат» тақырыбын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Шарипбаев Даурен Сактапбергенович 2024 жылғы 16 мамыр күні “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы” РМҚК Қызылорда облысы бойынша өкілдерімен, қала, аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларымен, ауылдық округі әкімдерімен, басқарма басшыларымен дөңгелек үстел өткізді.
 
Өкіл тұжырымдама жобасы қоғамдағы мінез-құлық этикасын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту (зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеу), еңбекқорлық пен кәсіпқойлық, жастардың экологиялық мәдениеті мен патриоттық рухын қалыптастыру сияқты міндеттерді қамтитынын атап өтті.
 
“Адал азамат“ патриотизм, әділдік, кәсіпқойлық, үнемшілдік, еңбекқорлық, өз елі мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты ең асыл қасиеттерді дәріптейтін болады деп адал азамат ұғымын ашып кеңірек тоқталды.
 
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметкерлер арасында пікірталас жүргізіліп, Өкіл пікірталас нәтижесінде туындаған сұрақтарға жауап бере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір қазақстандық «Адал азамат» деген атқа лайық болуы тиіс», деп айтқан ойын жеткізе отырып, қатысушыларды қоғамға адал қызмет етуге, адал жолмен табыс табуға, адал азамат болуға шақырды.