ӨКІЛ ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

ӨКІЛ ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Ұ. Байхожаев Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылар тобының жетекшісі Ж.Б. Ұзақбаевамен жұмыс кездесуін өткізді.

          Кездесу барысында ҰАТ-тың 2022–2025 жылдарға арналған жинақталған баяндамалары мен 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша берілген ұсынымдар зерделеніп, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жүйелі және қайталанатын мәселелерге талдау жүргізілді.

          Тараптар мониторинг нәтижелері бойынша анықталған проблемалық мәселелерді, оларды жою тетіктерін, сондай-ақ ұсынымдардың орындалу тиімділігін арттыру бағыттарын талқылады.

          Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан жедел ден қоюды талап ететін жекелеген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеу және оларды уәкілетті органдарға жолдау мәселелері қарастырылды.

          Кездесу қорытындысы бойынша адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және ҰАТ ұсынымдарының тиімді орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатыны атап өтілді.