
2026 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Ұ. Байхожаев, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Н. Әбдіқадыр қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға адам құқықтарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстану, қызметтік тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті құқықтық түсіндірмелер беріліп, практикалық ұсыныстар айтылды.