
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» аясында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Денсаулық — әр азаматтың құқығы» атты спорттық эстафета өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Ұзақұлы Байхожаев қатысып, кіріспе сөз сөйлеп, «Денсаулық және адам құқықтары апталығының» мән-маңызын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Эстафета 7–8 сынып оқушылары арасында өтті. Жалпы 5 команда қатысып, әр команда 5 оқушыдан құралды. Жарыс 4 кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің жылдамдығы мен ептілігін, сондай-ақ командалық үйлесімділігін көрсетті.
Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және денсаулықтың адам құқықтарының маңызды құрамдас бөлігі екенін түсіндіруге бағытталған.
#Денсаулық_және_Құқықтар_ТМД
#АдамҚұқықтары
#Қызылорда