СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол қатысты.

          Күн тәртібінде тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігі, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытында атқарылған шаралар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

          Облыс әкімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелілігін арттыру, тәртіптік жауапкершілікті қараудың бірыңғай тәсілдерін енгізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі ашықтық пен бақылауды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

          Комиссия отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов баяндама жасады.