
26 наурыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілімен «Жабық мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға облыстың денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, сондай-ақ медициналық ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында арнайы мекемелерде медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі, кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнама талаптарының сақталуы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан бірқатар өзекті проблемалар көтеріліп, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданатын болады.