
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі» ММ жанындағы уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) мониторинг бару жүргізді.
Бару барысында Өкіл УҰИ-дің материалдық-техникалық жай-күйімен, жеткізілген және әкімшілік ұсталған адамдарды ұстау жағдайларымен, камералардың жабдықталуымен, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуымен, төсек-орын және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілуімен, сондай-ақ тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуымен танысты.
Азаматтарды УҰИ-ге орналастыру және ұстау кезінде олардың конституциялық құқықтарының сақталуына, жеткізілген адамдарды тіркеу тәртібіне, адвокаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, туыстарын хабардар етуге, есепке алу құжаттамасының жүргізілуіне, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуіне, сондай-ақ серуендеуді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға адам құқықтарының сақталуын одан әрі қамтамасыз етуге және ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталған тиісті ұсынымдар жолданатын болады.