ӨКІЛ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНА БАРЫП, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ӨКІЛ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНА БАРЫП, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байқоңыр қаласына барып, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі» ММ қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

          Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді. Негізгі басымдық құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, қоғамдық сенімді нығайтудың және заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі бағдарлары ретінде «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілетуге берілді.

          Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі нормалары түсіндіріліп, өңірлік Өкілдің міндеттері айқындалды.

          Адалдық, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттарын іс жүзінде іске асыру арқылы тұрақты құқықтық орта қалыптасып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігі артатыны атап өтілді.

          Кездесу конструктивті форматта өтіп, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.