
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ел арай» қоғамдық қорының төрағасы Байдаулетов Асхатпен жұмыс кездесуін өткізді
Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың практикалық мәселелері, сондай-ақ «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілетудегі қоғамдық институттардың рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес құрылған Үйлестіру кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылып, оның Ұлттық превентивтік механизм қатысушыларының өзара іс-қимылын үйлестірудегі маңызы талқыланды.
Адам құқықтарын тиімді қорғау мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның үйлесімді іс-қимылына тікелей байланысты екені айтылды.
Кездесу іскерлік және конструктивті форматта өтіп, алдағы ынтымақтастықты дамытуға келісілді.