
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Өкілдерінің қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету болып табылады.
Осы мақсатта 2026 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№60 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы барып, жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда әртүрлі сипаттағы сұрақтар болып, олар бойынша заң шеңберінде түсініктемелер берілді.