ӨКІЛ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

ӨКІЛ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының Жалағаш ауданы аумағындағы учаскелік полиция пункттеріне мониторинг жүргізді.

          Бару барысында учаскелік полиция пункттерінің жай-күйі, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, азаматтарды қабылдау және құқықтық көмек көрсету тәртібі, халықпен жұмыс жүргізу деңгейі, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың ұйымдастырылуы зерделенді.

          Учаскелік инспекторлардың халықпен тікелей байланысы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі мәселелері қарастырылды.

          Мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған ұсынымдар жолданатын болады.